«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін партиялықтар Абай облысына келді.Семей қаласында «AMANAT» партиясы республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов №35 бағыттағы автобусқа отырып, қала тұрғындарымен сөйлесті. Халық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жол жөндеу, әлеуметтік нысандар салу сияқты мәселелерді көтерді. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Үміт бар бәрімізде, қоғамда бар үміт, осы болып жатқан өзгерістерге үміт бар. Шынында Президенттің реформаларынан халық үміт күтеді үлкен. Оны іске асыратын кім, осы билікте жүрген азаматтар, сосын партиялар. Бәріміз де қоғамды өзгертуге, қоғамдағы жақсы өзгерістерге ыңпал жасауға, еңбек жасап жатырмыз. Сондай-ақ, штаб мүшелері Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бөлімі туралы айтты. Қала белсенділерімен коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.