"AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы аясында Алматыдағы Әуежай маңы көлінің айналасы қоқыстан тазартылды

"AMANAT" партиясының "Таза бейсенбі" акциясы жалғасуда. Алматыда Әуежай маңы көлінің айналасы қоқыстан тазаланды. Петропавл қаласындағы бас су құбыры сорғы стансасының аумағы ретке келтірілді. Шараға партия белсенділері мен қала тұрғындары қатысты. 1963 жылы су қоймасы есебінде пайда болған Әуежай маңы көлінің әсемдігіне көз тояды. Сондықтан мұндағы табиғатты тамашалауға келушілер көп. Халық көп жиналатын аумақты қоқыстан жиі тазартып, абаттандыру қажет. Серікболсын САРЫБАЕВ,  «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Бүгін осы іс-шараға 50 шақты адам қатысуда. Оның ішінде «Жастар рухының» белсенділері. Бастауыш партияның өкілдері, біздің партиямыздың белсенділері, жалпы қала тұрғындары қатысуда. Бүгінгі «Таза бейсенбі» іс-шарасы барысында Әуежай маңы көлін тазалап, 50 шақты қап қоқыс шығардық. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акция Ақтау қаласында да белсенді түрде жүргізілуде. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері бекітілген. Қалада бұл жолы Оймаша көлінің жағасы тазартылды. Абзал МАРАТ,  "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Біздің Маңғыстауда "Таза Қазақстан" бойынша әртүрлі локацияда әртүрлі тазалау жұмыстарын жүргізудеміз. Бұған дейін Ыбықты сай, басқа да туристік нысандарда осы акцияны жүзеге асырдық. Ал петропавлдықтар Қызылжар су кәсіпорнының сорғы станциясын тазалады. Алапат су тасқыны кезінде Есіл өзенінің деңгейі бірнеше метрге көтеріліп, аталған стратегиялық нысанды су басқан еді. Өзен ағынымен бірге түрлі қоқыс келіп, станцияның жан жағына үйілген.  Сәлимхан СӘБИТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Осы акцияға қазіргі күні жастар көп қатысып жатыр. Бұл біз үшін өте қуанышты сәт. Олар санасында еліміздің болашағын ойлап жатыр. Сондықтан ертеңгі ұрпағымызға таза елді қалдыру үшін осы акцияны ұйымдастырып жатырмыз. Акция аясында партия мүшелері бұл жерді тап-тұйнақтай етіп, полигонға 2 тонна қоқыс апарды. Жалпы облыс бойынша өткен аптада 100 тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда қылмыскер ерлі-зайыптыны атып кеткен
“Алаңға өзі жеткен шығар“ - Жаңажылдық шырша сынға қалды
Александр Усик Тайсон Фьюриді тағы жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғап қалды (ВИДЕО)
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты