«Amanat” партиясының төрағасы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Ерлан Қошанов Қазақстан темір жолы ғимаратындағы №110 сайлау учаскесінде Кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат депуттарын сайлауда өз таңдауын жасап, дауыс берді. №110 сайлау учаскесі елордадағы Қазақстан темір жолы ғимаратында орналасқан. Сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмысқа кірісті. Сайлау учаскесінде 2229 сайлаушы тіркелген. Сайлау сағат 20:00-ге дейін жалғасады.