«AMANAT» партиясы заңгерлері сайрамдықтарға құқықтық көмек көрсетті. Шара халықтың құқығын қорғауды көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.ммммммммКөпбалалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша заң көмегін ала алады. Сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап сот шешіміне дейін өтініш білдірген азаматтардың мүддесі қорғалады. Осы орайда партия заңгер кеңесіне мұқтаж әрбір адамға тегін көмек көрсетілуі үшін бірқатар республикалық ұйымдармен меморандум жасады. Партияның облыстық филиалдарында аптасына екі рет қабылдау өткізіледі. Осылайша, қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Партиядан көмек сұрап келгендердің бірі – Музаффар Таштенов. Ол Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Манкент ауылының тұрғыны. Музаффар 2014 жылы банктен 1 млн 200 мың теңге несие алған. 2016 жылға дейін несиесінің 900 мың теңгесінен құтылып, 300 мың теңге қарызы қалған. 2016 жылы денсаулығына байланысты несиесін төлей алмай, 300 мың теңге несиесін төлей алмаған. 2023 жылға дейін 300 мың теңге өсімпұлмен бірге өсіп кеткен. Қарыз коллекторлық агенттікке беріліп, Музаффардың шоттары бұғатталған. Заңгер Хусниддин Сұлтанқұлов жеке тұлғаны банкрот деп тануға электронды үкімет арқылы онлайн түрде өтініш тапсырды. Ол банкрот деп танылды. Көмек сұрап партия есігін қаққандардың бірі – Қарамұрт ауылы тұрғыны Каримжан Адахамов. Ол банктен несие алып, қарызын толық төлеп құтылған. Алайда қайтадан сот үкімі шығып Адахамовты қарыз деп шешім шығарған. Бұдан кейін оның шоттары бұғатталған. Ол заңгер Хусниддин Сұлтанқұловпен бірге қайта сотқа шағымданып, бұған дейінгі шыққан сот шешімі заңсыз деп танылды. Ал Ақсукент ауылы тұрғыны Бахадыр Анарметов 2019 жылы әйелімен ажырасып кеткен. Қызы Арзу Анарметова анасымен бірге қалған. Бірақ қыздың анасы баланы қараусыз қалдырып, өзі Германияға жұмыс істеуге кетіп қалған. Бахадыр Анарметов қызын өз қамқорлығына алуға көмек сұрап келді. Заңгер Әлия Амантаева қамқорлыққа алуға қажетті құжаттарды жинап, сотқа арызданды. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Қарамұрт ауыл округі тұрғыны Нухринса Иристаева банкрот деп тануға өтінішін білдіруге ««AMANAT» партиясы заңгерінен көмек сұрап келді. Заңгер Серік Бердіқұлов жеке тұлғаны банкрот деп тану үшін электронды үкімет арқылы онлайн түрде Нухринса Иристаеваның өтінішін тапсыруға көмек көрсетіп, тұрғынның мәселесі шешілуіне ықпал жасады. Манкент ауылының тұрғыны, көпбалалы жалғызбасты ана Хилала Ибадуллаеваның үстінен бұрынғы күйеуі алимент өндіріп алуға арыз жазған. Заңгер Әлия Амантаевамен бірге бұл өтініштің құқықтық негіздемесі тиісті заң аясында талданып, түсіндіріме жұмыстары жүргізілді. Сайрам тұрғыны Екатерина Шульгина жер дауы мәселесімен көмек сұрап келді. Заңгер оған сот шешімі шыққанға дейін құқықтық көмек көрсететін болады. Тағы бір құқықтық көмек сұрап келген азамат Пернайым Бердиева. Ол – жалғызбасты ана. Ол күйеуінен зорлық-зомбылық көрген қызына араша сұрап келді. Пернайым зорлық-зомбылық құрбандары хабарласуға болатын мамандарға жіберді. Құқықтық сауаттылық жағынан қиналып жүргендердің бірі – Сайрам қаласының тұрғыны – Айсұлу Ашимова. Ол карантин уақытында несиесін төлей алмай қалып, қарызы коллекторлардың қолына өтіп кеткен. Есепшоттары бұғатталған. Заңгер Серік Бердіқұловтың сөзінше, банкроттыққа өтініш беруге болады. Құқықтық көмекке мұқтаж жанның бірі – Ақсукент ауылдық округі тұрғыны – Олимжан Юнусметова. Ол алимент мәселесі бойынша көмек сұрап келді. Заңгер Серік Бердіқұлов пен қорғаушы Сүйеубаев заң аясында тегін көмек көрсетіп, тұрғынның мәселесі оң шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді. Айта кетейік, «Құқықтық көмек» жобасы заңда жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Тиісті талдау нәтижелері қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін ай сайын Мәжілістегі «AMANAT» фракциясына жолданып отырады. Осылайша, Республикалық нотариаттық палатамен, Республикалық адвокаттар алқасымен, Республикалық заң консультанттары алқасымен және International Mediation Centre РҚБ-мен меморандум жасалды. Жыл соңына дейін «Құқықтық көмек» жобасы аясында аталған ұйымдардың заң консультанттарымен бірлесіп, 1 000-нан астам қабылдау өткізу, оның ішінде жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін 350-ге жуық шалғайдағы ауылдық елдімекенді қамту жоспарланып отыр. Бұл – түсіндіру жұмысын жүргізу, дау-дамайларды реттеудің баламалы тәсілдері (медиация) бойынша кеңес беру, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беру, талап қою мәселелері бойынша көмек көрсету, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша кеңес беру, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға құқықтық көмек көрсету. Еске сала кетейік, биыл қаңтарда «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарды қабылдау алғаш рет Атырау облысында өтті. Белгілі құқық қорғаушы, қазіргі Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бастаған бір топ заңгер Индербор, Мақат аудандары мен Құлсары, Атырау қалаларында болды.