«AMANAT»: сарапшылар «TALQYLAU» алаңында 2024 жылға жасалған болжамдарды талқылады

«AMANAT»: сарапшылар «TALQYLAU» алаңында 2024 жылға жасалған болжамдарды талқылады

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы сараптамалық талқылау тақырыбы «Қазақстан – 2024. Реформалар, трендтер, болжамдар» деп аталды.Сарапшылар әлемдегі жағдай Қазақстанды айналып өтпейтінін, ал жаһандық тәуекелдер дәл қазір Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда талқыланып жатқанын атап өтті.«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек әлемдік қоғамдастықтың алдында климаттың өзгеруі, жалған ақпарат пен фейктер, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-саяси поляризациясы сынды үш негізгі тәуекел тұрғанын атап өтті. «Бұл тәуекелдер Қазақстан үшін де өте өзекті. Климат өзгеріп, аномалды аптап ыстық күндер жиі тіркеле бастады. Интернет қолданушылар түрлі жалған ақпаратқа сенеді. Оның анық-қанығын тексермейді. Телефон арқылы әрекет ететін алаяқтар саны азаймай жатыр. Қоғам поляризацияланып, қызығушылықтарына қарай топтасуда. Әділдік орнатуға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі бола отырып, Президенттің саяси және экономикалық реформаларын жүзеге асыруға жан-жақты атсалысуда», – деді ол. Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Серік Ахметжанов «Маңызды оқиғалар: 2023-тен 2024-ке» сараптамалық сауалнаманың нәтижесін ұсынды. Оған еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық сарапшы қатысты. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, саяси салада сарапшылардың 75%-ы АЭС салу мәселесін референдумға шығаруды аса маңызды оқиға деп санайды. Әлеуметтік саладағы ең маңызды оқиға «Ұлттық қор – балаларға» жобасын жүзеге асыру саналады. Сауалнамаға қатысқан сарапшылардың 61,3%-ы бұған сенімді. Экономика саласында сарапшылардың 57,8%-ы 2024 жылдың басты оқиғасы мемлекеттік сатып алу жүйесін өзгерту жұмысы болады деген ойда. «Орталық пен аймақ арасында қабылдау мәселесінде белгілі бір айырмашылық бар. Сараптамалық тұрғыдан алатын болсақ, орталық үшін «Ұлттық қор – балалар» жобасын жүзеге асыру жұмысы маңызды болса, өңірлерде «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобалары өзекті болып отыр. Сонымен қатар, сауал жүргізілген азаматтардың 52%-ы «Ауыл аманаты» жобасының маңызын ерекше атап өтті», – деді ол. Сыртқы саяси трендтер мен болжамдар туралы Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, «AMANAT» фракциясының мүшесі Айгүл Құспан айтып берді. Спикер 2024 жылы Қазақстан бірқатар халықаралық ұйымдарға төрағалық ететінін, сондықтан сыртқы саяси бағыт барынша қызықты болатынын атап өтті. Депутаттың пікірінше, әділдік орнатуды көздейтін қазақстандық тренд біртіндеп жаһандануда. Яғни, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы «Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы» бастаманы айтуға болады. Парламентарий Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) маңызына жеке тоқталды. «Ұйымды құруға бастамашы болған және негізін қалаған мемлекеттің бірі – Қазақстан. Оған осы жылы еліміздің төрағалық етуі – ұйымды одан әрі институционалдық тұрғыда дамытуға бағытталған. Болашақта біз ТМҰ-ны күшті түркі геосаяси, геоэкономикалық және өркениеттік бірлестік ретінде көреміз. Осыған байланысты Президент Қазақстанның Ұйымға төрағалығы «Түркі дәуірі!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтетінін мәлімдеді», – деді ол. Ал Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Айдос Сарым жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі басты үрдіске айналатынын атап өтті. Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы және 45 аудан әкімдерін қанатқақты режимде сайлау науқаны осы бағыттағы алғашқы қадамдар саналады. Сондай-ақ, депутат қазір жаңа парламенттік мәдениет, жаңа дәстүр қалыптасып жатқанын және ол болашақта өз жемісін беретінін атап өтті. «Мақсат – қажетті заңдарды қабылдау. Бұл істе «AMANAT» шешуші рөл атқарады. Жаңа заңдар жаңа мәдениетті дамытудың институционалдық базасына айналады. Мұнда көп нәрсе, әрине, халықпен қаншалықты дұрыс қарым-қатынас орнататынымызға байланысты болмақ», – деді ол. Өз кезегінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Ләззат Нұрқатова жастар мәселесіне, еліміздегі демографиялық жағдайға тоқталды. «Жастар тренді Қазақстан қоғамында маңызды рөл атқарады. Өскелең ұрпақ мәдениетке, экономикаға, саясатқа және әлеуметтік қатынастарға айрықша әсер етеді. Студенттер арасында медиа-технологияларды белсенді пайдалану, волонтерлік бағытты дамыту, жастар ғылымын жаңғырту, толерантты сана қалыптастыру, мәдениетаралық және ұлтаралық диалогты нығайту сынды оң үрдіс байқалады», – деді ол. Талқылауға Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеев, электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Бұқанова, парламентаризм институтының атқарушы директоры Жанар Төлендинова, экономист Айдархан Құсайынов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова және тағы да басқа азаматтар қатысты. Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы, сараптамалық талқылау модераторы Ерлан Ахмеди іс-шараны қорытындылай келе, жаңа саяси мәдениет пен ашық пікірталас қалыптастыру – «TALQYLAU» диалог алаңының бұлжымас міндеті екенін атап өтті. Еске сала кетейік, «TALQYLAU» диалог алаңын құру бастамасы былтыр 1 наурызда «AMANAT»-тың кезектен тыс Съезінде партиялық трансформация бағдарламасындағы тармақтардың бірі ретінде айтылды. Азаматтарды толғандырған өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері аталған алаңда тұрақты негізде бас қосады.

Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
  • turkystan
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
  • aqshamnews
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
  • sn.kz
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
  • aqshamnews
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
  • aqshamnews
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
  • aqshamnews
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
  • aqshamnews
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
  • aqshamnews
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
  • aqshamnews
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
  • aqshamnews
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
  • aqshamnews
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
  • aqshamnews
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
  • el.kz
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
  • sn.kz
  Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
  • aikyn
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
  • baq.kz
 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
  • aqshamnews
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
  • Massaget
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
  • 1bol.kz
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
  • Massaget
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
  Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
  • aikyn
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
  • baq.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
  • el.kz
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін марқұм Шерзат туралы айтты
Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жеңісінен кейін марқұм Шерзат туралы айтты
  • turkystan
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындар кестесі белгілі болды
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойындар кестесі белгілі болды
  • bassport.kz
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде Путинмен кездесті
  • sn.kz
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
Президент республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
  • almaty_tv
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
  • sn.kz
Қамаудағы «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады
Қамаудағы «Дикий Арманға» қатысты сот үкімі шығады
  • halyq-uni
Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
Ақтауда екі баланы қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты
  • turkystan
Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті
Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті
  • turkystan
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?: 14 желтоқсан 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?: 14 желтоқсан 2024, 13:21 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews