«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдерін кандидаттардың үгіт-насихат және үйлестіру орталықтарының, қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, коворкинг алаңының, сондай-ақ штабтағы жастар секторының жұмысымен таныстырды.«AMANAT» партиясының сайлауалды штабы «open space» қағидаты бойынша ұйымдастырылған және аптаның барлық күнінде тәулік бойы жұмыс істейді. Штаб – бұл көпфункциялы сайлау науқанын басқару орталығы. Әр бөлім бірлесіп және жедел түрде белгілі бір шешімдер қабылдайды. Мұнда кандидаттар мен сенімді өкілдердің қатысуымен күнделікті түрлі іс-шаралар, арнайы оқытулар өткізіледі. Дәл осындай фронт-кеңселер барлық аймақта бар», - деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев. Кездесу қорытындысында БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізілді. Оның барысында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев журналистерді қызықтырған барлық сұраққа жауап берді. «226 өңірлік және аумақтық сайлауалды штаб жұмысына 7,5 мыңға жуық адам жұмылдырылады. Жалпы, сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірінде 300 000 сайлаушыны қамти отырып, 3 мыңнан астам іс-шара өтті. Үгіт-насихат науқанының қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам адамның қатысуымен 30 мың іс-шара өтеді деп жоспарланған», - деді ол.