«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның қазіргі жұмысы және алдағы сайлау науқанына дайындық барысы туралы кеңес өткізді. Партияның сайлауалды уәделерін орындау аясында 200 мыңнан астам оқушыны қамтитын 502 мектеп салынған. Бұған қоса, моноқалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда 2 мыңнан астам мектеп жаңғыртылды. Жоғары оқу орындары мен колледждер бойынша 20 мыңнан астам студент жатақханаға орналасқан. Атқарылған жұмыстарды қорытындылаған соң, Ерлан Қошанов, алдағы сайлау науқанына дайындық мәселесі бойынша да бірқатар тапсырма жүктеді.Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл сайлауға «AMANAT» үлкен дайындықпен біз келе жатырмыз. Біздің мүмкіндіктеріміз мол. Қалыптасқан дәстүрлі электоратымыз, үлкен тәжірибеміз бар. Ендігі міндет, осы жұмысты дұрыс ұйымдастырып, сайлаушыларды ортақ мақсат алдында жұмылдыра отырып, әділ әрі таза жеңіске жету. Партия елімізде қазір жүргізіп жатқан үлкен саяси реформалардың алдынғы шебінде болуы тиіс. А. Базарбай