«AMANAT»-тың белсенділері мен волонтерлері «Таза Қазақстан» науқанына қосылды

«AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының 4 мыңға жуық волонтері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына қосылды. Олар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін ретке келтіруге көмектесуде.Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қолға алынды. Оның аясында көше тазалау, елді мекендер аумағын көгалдандыру және абаттандыру, су тасқынынан кейін қалалар мен ауылдарды қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.Осылайша, «Жастар Рухының» 4 мыңға жуық волонтері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін ретке келтіруге көмектесуде. Волонтерлер тазалық жұмысын жүргізіп, жиһаздар мен заттарды кептіруде. Сонымен қатар үй маңындағы үйінділерді тазартып жатыр.Мәселен, Ақмола облысы Иванковка кентінде 150-ден астам адам тұрып жатқан 67 үйді су басты. Еріктілер үйлердегі жөндеуге келетін техника мен тұрмыстық заттарды аулаға шығаруда.«Бүгінде су біртіндеп азайып, тұрғындар үйлеріне оралуда. Сондықтан біз бірінші кезекте зейнеткерлер мен жалғызбасты аналарға көмек көрсетуге келдік. Осындай жұмыс Абай, Қостанай және Ақтөбе облыстарында бастау алды. Сын сағатта бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсету, зардап шеккен отбасыларға көмек қолын созу маңызды. Адамдар қиындықпен жалғыз күреспеуі керек», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова.Партиялықтар су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына да көмек көрсетуде. Жастар қанатының белсенділері су басқан Қобда ауыл тұрғындарына көмекке келді. Айта кетейік, Қобда ауданында барлығы 200-ден астам үй су астында қалды. Зардап шеккен тұрғындарға шамамен 370 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төленуде. Үйі қалпына келтіруге жарамайтын тұрғындарға жаңа баспана салынады. Үй тұрғызылатын учаскелер анықталып, құрылыс материалдарын жеткізу жұмысы басталды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ШҚО тұрғынының атына несие рәсімделіп кеткен: күдікті күтпеген адам болып шыққан
Мешіттерде ұрлық жасаған Алматы тұрғыны сотталды
Құлсарыда 1 500-ден аса тұрғын өтемақы алу туралы келісімге қол қойды
Ақтөбе облысында 4,5 млрд теңге неге игерілмеді?
Қаңтарда ұсталғандарды азаптау ісі бойынша Алматы ПД бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Алматы полициясы бастығының бұрынғы орынбасары азаптау ісі бойынша ұсталды
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 63 мыңнан аса адам үйіне оралды
Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы іске асады
Уақыт белдеуінің өзгеруі электр энергиясына қаншалықты әсер етті
Алматыда полиция бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды
Өскеменде тыйым салынған діни әдебиеттерді тасымалдаған ер адам жауапқа тартылды
Алаяқтар Қонаев қаласы әкімінің атынан хабарламалар таратқан
"Тасқын кезінде берілген өтемақыға көңіліз тола ма?" Құрылыс министрі жауап берді
Алматы полициясы бастығының бұрынғы орынбасары азаптау ісі бойынша ұсталды
Ақтөбеде атыс болды: жараланғандар мен қаза тапқандар бар
Биыл 229 мектепке дейінгі ұйым реновациядан өтеді
Президент Нидерланд Корольдігінің премьер-министрімен кездесті
Су тасқыны. Құлсарыда тұрғындар үйлерінің құрылыс жұмыстарын бастады
"Болашақ мамандығың туралы айт" акциясына 4000-нан астам оқушы қатысты
Ақтөбедегі жанжалдан бір адам қаза тапты
СҚО полицейлері өзге облыс тұрғындарынан 10 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен 63 мыңнан аса адам үйіне оралды
Қырғызстанда көліктерді көшпелі тіркеуі пайда болуы мүмкін
Месси мен Роналдудың басты айырмашылығы айтылды