«AMANAT»-тың Партиялық бақылау комитетінде су тасқынына дайындық мәселесі талқыланды

Еліміз көктемгі қызыл суға дайын ба? «AMANAT»-тың Партиялық бақылау комитетінде су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды. Комитет төрағасы Артур Платонов бүгінде еліміздегі 255 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл шамамен 127 мың үй, 700 мыңнан астам адам деп атап өтті. Ал, Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 5 апаттық жағдайдағы және 73 жөндеуді қажет ететін су қоймасы бар. Оған қоса, қорғаныс бөгеттері, платина мен тоғандары да ескірген. Олар істен шығатын болса, халыққа зор қауіп төнеді. Былтыр 2021-2023 жылдарға жоспарланған Жол картасындағы су тасқынына қарсы 68 іс-шараның 41-і орындалмағаны анықталды.Артур ПЛАТОНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Еліміздегі 400-ден астам гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет. Солай бола тұра, коммуналдық және жеке меншіктегі мұндай құрылыстардың басым көпшілігі жылдар бойы назардан тыс қалып келеді. Тиісінше, оларды жөндеу және жаңғырту іс-шаралары су саласын дамыту жоспарына енгізілмей қалады. Осындай құрылыстардың басым көбісі 30 жылдан астам уақыт пайдаланып келеді. Олардың 70%-тен астамының тозығы жетіп тұр. Сондықтан, олардың беріктігімен қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай төмендеді. Су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын жоспарлау, сондай-ақ оларды қаржыландыру ісінде түйткілді мәселелер бар. Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Шын мәнінде біздің қызметкерлер коммуналдық қызметтің рөлін атқарып кетті. Мұндай жұмыстар төтенше жағдайлар министрлігінің функцияналдық міндетіне жатпайды. Қалыптасқан жағдайға байланысты біз өрт сөндіру қызметі, әскери бөлімдер, жедел-құтқару жасағымен бірге ауладағы тасқын суды сору жұмыстарымен айналысуға мәжбүр боламыз. Егер жергілікті атқарушы органдар арық-атызы мен су өткізуші каналдарды уақытында тазартып отырса, біз мұндай жұмыстармен бас қатырмаушы едік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Биыл 700 мыңнан аса оқушы тегін тамақпен қамтылды
Тоқаев Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
Алтын ұрлап, айыпты болды
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді
2024 жылы шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдыздары
Биыл 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?