«AMANAT» Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қостанай облысының Арқалық қаласында сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.Штаб мүшелері алдымен қала жұртшылығымен кездесті. Оған 300-ден астам адам қатысты. Онда партияның сайлауалды бағдарламасындағы өңірлерде әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар туралы айтылды. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Әрине, әр өңірдің өзіне тән проблемалары бар, мәселелері бар. Десе де осы біріншіден моно қалалардың, шағын қалалардың мәселелері, проблемалары бір-бірімен ұқсас. Соның ішінде Торғай өңірінің кенжелеп қалғаны жасырын емес. Арқалықтың өзінде 90-шы жылдардың басында 70-мыңнан аса адам тұратын болса, бүгінгі күнде сол 30 мыңға да жетпейді екен. Халықтың саны азайды, өндірістер жабылды, жастар қалаға қарай ағылды. Бүгінгі деген жағдайды біз толығымен біліп отырмыз. Бұдан соң штаб мүшелері Арқалық жылу энергетикалық компаниясының еңбек ұжымымен кездесіп, тозығы жеткен коммуналдық желілердің жай-күйін талқылады. Осы күні штаб мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен де жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның бизнесті жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуге бағытталған бөлімін талқылады.