«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Шымкент қаласына барды. Штаб мүшелері қаладағы бизнес-қауымдастық өкілдерімен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін талқылады.Штаб мүшелері алдымен қалалық сайлауалды штабтың жұмысымен танысты. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, науқан кезінде қарқынды жұмыс істеу өте маңызды. Партиясынын үгіт-насихат науқанымыздың негізгі қағидасы – адамдармен тікелей және шынайы диалог. Бұдан соң аманаттықтар қаладағы кәсіпкерлермен кездесті.Партия шағын орта бизнес үшін елде бизнес жүргізу бойынша қарапайым ережелерді қамтамасыз етуді жалғастыратынын атап өтті. Бүгінде технологиялық кәсіпкерлікті дамыту арқылы экономикадағы жоғары еңбекақы төленетін жұмыс орындарының үлесін арттыру қажет деп санайды партия мүшелері. Кездесуге қатысушыларға заңнама деңгейінде адал бәсекелестікті дамытуға қол жеткізу маңызды екені айтылды. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Әр мемлекет мықты болу үшін, тұрақты болу үшін кешегі қаңтар сияқты оқиғалар қайталанбауы үшін, NEET жастар дейді ғой, солар азаюы үшін, ол үшін бізде мемлекет тұрақты болу үшін орта тап мықты болу керек. Орта тап деген сіздер.