«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Шымкент қаласының сайлаушыларымен кездесті.Штаб мүшелері «Айна» базарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен экспромт-кездесу өтті. Онда «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ашық пікірталас барысында жастарға партияның жаңа жұмыс орындарын құруға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған бастамалары туралы айтып берді. Басқосуда жастар кәсіпкерлікті меңгеруге қатысты мәселелерді көтерді. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Өзгеріс болғаннан кейін ол өзгеріс тек Президент немесе үкімет не партия ғана өзгермеуі керек, Сіздер де өзгеруіңіз керек. Ол өзгеріс деген не ол, белсенділік болу керек сіздердің бойларыңызда. Сіздер ұмтылу керек. Осы азаматтарға қарап, осы жастарға қарап сіздерде бой түзеу керек деп мен ойлаймын.