«AMANAT» Республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасуда. Бүгін партиялықтар Алматы облысының тұрғындарымен жүздесті.Қонаев қаласындағы Мәдениет үйіне 200-ге жуық тұрғын жиналды. Онда өзекті мәселелер көтерілді. Штаб мүшелері сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы айтып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Жүздесуде көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылды. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Президенттің осы өзгерістерді бастағанына тура бір жыл болды. Былтыр наурыз айындағы жолдауында басталды. Осы бір жылдың ішінде біз оң нәтижелерін көріп отырмыз деп айта аламын. Тарихи әділеттілікті біз орнатуға бет алдық. Алда болатын мәжіліс сайлауы, мәслихат сайлауы сол саяси реформалардың бүкіл билік институттарының жаңаруының енді түйіні болмақ. Өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық, мектеп пен денсаулық сақтау нысандарының тапшылығы сияқты басқа да маңызды мәселелер бар.