«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, педагогтармен, ауыл тұрғындарымен кездесті.Штаб мүшелері алдымен Орал қаласында өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесіп, партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын талқылады. Павел КАЗАНЦЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Президентіміз саяси реформаларды жүйелеп берді. Біз айтылған бағытта тоқтаусыз жұмыс істеуіміз керек. 19 наурыздағы сайлаумен барлық жұмыс аяқталады. Сондықтанда ол маңызды сәт. Осыдан кейін барлығы іске кірісетін болады. Бұдан соң штаб мүшелері полипропилен құбырын шығаратын зауытының ұжымымен кездесті. Партиялықтар сайлауалды бағдарламадағы еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты.