«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Жамбыл облысына келді. Штаб мүшелері көпбалалы аналармен, еңбек ұжымдарымен, шаруалармен және Қаратау қаласының тұрғындарымен кездесті.Таразда көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесу өтті.Бұдан соң штаб мүшелері Қаратау қаласының жұртшылығымен жүздесті. Оған 200-ден астам адам қатысты. Тұрғындар жұмыссыздық, коммуналдық инфрақұрылымның тозуы, медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселелерін көтерді. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің бүгінгі күнде көңілімізге бір қуаныш ұялататыны ол халқымыз барлығы мемлекеттік мүдде, елдің тағдыры, осы мәселелерді көтереді. Әлемдегі, елдегі бүгінгі болып жатқан өзгерістер ішкімді бей-жәй қалдырып отырған жоқ, халқымызды. Ынтымақ, бірлік байқалады. Халықтың бойында үміт бар.Осы күні «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының еңбек ұжымымен де кездесу өтті. Партиялықтар еңбек адамын қолдауға және өндірістердегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар туралы айтты.