«AMANAT» партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Павлодар облысы жұртшылығымен кездесті.Партиялықтар Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1ұжымымен еңбекақыны индекстеу және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады. Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Сіздердің әрқайсыңыз тек қана қызметкер емессіздер, сіздер осы қаланың тұрғынысыздар, кешке үйге баратын, бәріңіз осыдан шаршап келгенде жылы үйде бала-шағаларыңызбен ыстық шәйді ішіп, иә, тыныш өмір сүргіміз келеді. Ол үшін бәріміз ат салысуымыз керек. Бұдан соң штаб мүшелері тұрғындармен экспромт-кездесу өткізді. Онда партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтылды. Одан соң, Павлодар қаласында штаб мүшелері сайлаушылардың талап-тілектерін қабылдады. Негізінен азаматтарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жол жөндеу мәселелері алаңдатады. Қоғам белсенділерімен және өңір жастарымен де кездесіп, өскелең ұрпақтың өз қабілет-қарымын жүзеге асыруы үшін жағдай жасау жоспарлары туралы айтты.