Қостанай облысындағы Амангелді ауылын су басып қалды. Бұл туралы жергілікті Тobolinfo.kz ақпараттық агенттігі жазды.Бүгін, 26 наурызда тіпті жағдай ушыға түскен. «ТоболИнфо»-ның редакциясына су басқан ауылдың фотоларын тұрғындар жіберген.Олардың айтуынша, дәл қазіргі қиын-қыстау сәтте ауылда 18 құтқарушы қолдарынан келгенше тырысып жатыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше олар бұл жағдайға мүлде дайын болмаған.Ауыл тұрғындарының мәліметінше, су үйге дейін жеткен. Әсіресе, қорадаға малға қауіп төніп тұр. Жаңа туған бұзаулардың жағдай қиындау. Тұрғындар өз өмірлері мен дүние-мүлкі үшін алаңдаулы.«Халық әбігерге түсті. Билік органдары іргеге жеткен сумен күрес жүргізуге қауқарсыз екенін тағы бір көрсетіп берді. Орталық көшелердің бірі Сейфуллин көшесі су астында қалды. Бұл жерде екі мектеп орын тепкен», — деп жеткізді алаңдаулы халық.