Америка азаматы Ninety one әндерін тыңдап, қазақ тілін меңгеріп шыққан

Америкалық Эван Аллен 2022 жылғы қыркүйектен бастап АҚШ үкіметінің Фулбрайт бағдарламасы бойынша Тараздағы университеттердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Ол қазақша үйрену үшін ресурстарды таба алмаған кезде Ninety one тобы туралы білген, деп хабарлайды Астана телеарнасы Zakon.kz сілтеме жасап. "Мен Ninety one-ды бірнеше жыл бұрын, қазақ тілін енді үйрене бастағанда тыңдадым. Мен орыс тілін білмегендіктен, қазақ тілін үйренуге арналған ресурстарды табу қиын ғой. Сол үшін бұл топ туралы көбірек білген уақытта өте қуандым", - дейді америкалық оқытушы. Эван Ninety one тобының барлық дерлік әнінің сөзін жатқа біледі және әр сөздің айтылуына мән береді."Мен олардың әндерін тыңдап, YouTube-тен Ninety one Space бейнебаяндарын қарап, олардың әндеріндегі әр сөздің айтылуын және интонациясын қайталап, қазақ тілін жақсарту үшін көп уақыт өткіздім", - дейді ол. Америка азаматы Қазақстанда жүргенде өзінің сүйікті тобымен кездесіп, топ мүшелеріне музыкасы үшін алғыс айтқысы келеді. "Өткен айда досыммен бірге Астанадағы жеке концерттеріне бардым. Мен өте бақытты әрі қуанышты болдым және мен сияқты әр сөзді білетін адамдардың арасында өте керемет болды. Ninety one, сіздерге музыкаларыңыз үшін рақмет айтамын және бір күні сіздермен жеке кездесіп, алғыс айта аламын деген үміттемін", - дейді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ешбір өзбек оны жеңбеген»: өзбекстандық Олимпиада чемпионы Асланбек Шымбергеновпен жекпе-жегін еске алды
Автобустың дөңгелегі жарылып, 38 адам мерт болды
Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?
Air Astana біздің аспанның құдайы болып алған – Жаңбыршин