Америкалық ғалым Арал теңізі туралы кітап жазуды қолға алды

Арал теңізі жайлы өз зерттеуін жүргізіп жатқан америкалық ғалым кітап жазуды қолға алды, деп хабарлайды 24kz. Сара Кэмерон сол үшін Қазақстан мен Өзбекстанға аттанып, мәселені тереңірек қарастырмақ. Бұған дейін қазақ даласындағы ашаршылықты зерттеген ол «Ашаршылық жайлаған дала» атты кітабын жарыққа шығарған болатын. Қазақстанда бірнеше мәрте болған профессор: «Бір теңіздің екі жағалауының жағдайын көру тарихтың ең қызықты аспектілерінің бірі», дейді. Өзбекстан жағында су 1960 жылдары тартылса, Қазақстанда он жыл кейін тартылған. Бұның себептері әртүрлі. Жалпы Арал тақырыбында көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. «Мысалы химиялық, физикалық жағынан еңбектер болғанымен, табиғи дағдарыс аймақтағы адамдарға қалай әсер еткені туралы бізде толық түсінік жоқ», - дейді ғалым. Сара Кэмерон, ғалым-сарапшы: - Мен тұрғындардың көрген қасіретіне ғана емес, сол жерде өмір сүруге тырысқан әңгімелеріне назар аударғым келеді. Мені сол жердегі адамдардың ауызбіршілігі таңғалдырды. Халықтың дені тұрып жатқан қалаларын жақсы көреді, сонда қалғылары келеді. Туып өскен жері, ата-бабасының мекені олар үшін маңызды. Кітабымда жазғым келетін бір мәселе осы. Кейбіреулер жергілікті халықты апат аймағынан көшіріп тастайық деуі мүмкін. Бірақ бұл көзқарас дұрыс емес деп ойлаймын. Тұрғындар не қалайтынын білу керек. Жалпы аймақтағы миграция мәселесі әлі де зерттеуді қажет етеді. Қанша адамның қайда және қашан көшкені туралы мәліметтерді архивтерден жинауға тырыстым. Жалпы Арал тарихы америкалық аудитория үшін өте қызықты және маңызды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Су тасқынынан кейін Ырғыз ауданында салынып жатқан үй сапасына тұрғындар алаңдаулы
Малдағы чип ұрлықты ашуға көмектесті
Шығыстық субалтерн мен постколониализм
Платежные организации просят спасти отрасль от уничтожения
Мына кезеңнен өтсек, бәрі жақсы болып кетеді деген жоқ – психолог ажырасу туралы
Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді
Мемлекеттік гранттың 80 түрі барын көп адам білмейді
Енді дәлелсіз жағымсыз пікір жазғандар сотқа шақырылады
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады
Жемқорлыққа қарсы еріктілер 7 млрд теңге қаржының негізсіз жұмсалуының алдын алды
Атом электр станциясын салу жоспары бойынша жария талқылау өтті
Қазақстанда 7 миллиард теңгеден аса қаржыны негізсіз жұмсаудың алды алынды
Қырғызстаннан Қазақстанға жіберілген шиелерден жидек шіркейі табылды
"Үйленуге ықыласым жоқ". Қуаңшылық кезде Батысқа шөп жіберген Құрмет Талапқазы жеке өмірі жайлы айтты
Шымкентте білім басқармасы бастығының орынбасары жауапқа тартылды
Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі
«ТВ-да жұмыс істей алмайтын жағдайға жеттім»: Дана Нұржігіт тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты
Қазақстанда 7 млрд теңгеден астам қаражат негізсіз жұмсала жаздаған
Жасанды интеллект әлемнің түрлі елдеріндегі сымбатты жігіттерді көрсетті
Қазақстан биыл Қырғызстаннан 560 млн текше метрден астам су алады
Tele2 мен ALTEL қатарлық инвесторға 1 миллиард долларға сатылады
Биньямин Нетаньяху өзінің әскери кабинетін таратады
«Қылмыстық іс қозғалды»: Дана Нұржігіт екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты