Америкалық инвестиция ағыны еселене түсті – СІМ

АҚШ Қазақстанға тікелей инвестиция салуда көшбасшы елдердің қатарында тұр. Бұл жайында АҚШ-пен ынтымақтастықты одан ары дамыту жөніндегі инвестициялық дөңгелек үстел отырысы барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты.«Қазақстан тарапы атынан АҚШ миссиясын Астанада қарсы алғанымызға қуаныштымыз. АҚШ Елшілігіне, АҚШ-тың Сауда палатасына, сонымен қатар Бизнес кеңеске осынау іс-шараны ұйымдастырғаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді. АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған бүгінгі «дөңгелек үстел» Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары кезінде басталған сындарлы диалогтың жалғасы саналатындығы қуантады», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары. Сонымен қатар ол АҚШ Қазақстанға тікелей инвестиция салуда көшбасшы елдердің қатарында тұрғанын атап өтті. «Өткен жылы, пандемиядан кейінгі америкалық инвестиция ағыны екі есеге жуық артып, 5,1 млрд доллардан асып түсті. Қазақстан ынтымақтастықтың барлық саласындағы біздің келісімдерімізді күшейтуге дайын екендігін атап өткіміз келеді», - деді Алмас Айдаров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айтты
Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы қайтыс болды
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Техникалық колледжіндегі жымқыру дерегі бойынша
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырған
Жаңа жылдық рейдтер барысында заңсыз ағаш кесудің 8 фактісі анықталды
Алматыдан 77 км қашықтықта жер сілкінді
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Футзалдан ел чемпионатында ірі сенсация тіркелді
2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Медицина қызметкерлеріне біліктілік беру жүйесі өзгереді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
Ақтауда қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті
«Масқара қорлау болды»: Атырауда мұғалім педкеңестен кейін өзіне қол жұмсамақ болған
Асу Алмабаевтың кезекті жекпе-жегі кіммен және қашан өтеді
Қызылорда облысында 16 ауыл интернетсіз отыр
Алматыда тағы да жер сілкінді
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды