Америкалық ерлі-зайыпты Джозеф пен Лаура Майотта асырап алған балаларын зорлап келген. Оқиға туралы Bugin.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Американың Вустер қаласында ерлі-зайыптылар асырап алған балаларын зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Джозеф Майотта 16 жылға, ал оның әйелі Линда 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот ер адамды асырап алған қызын қорлағаны үшін 11, ал әйелін асырап алған ұлын қорлағаны үшін 18 бап бойынша кінәлі деп тапты. Ерлі-зайыптылар 2004 жылы Қазақстандағы балалар үйінен 8 жасар қыз бен 13 жасар баланы асырап алған. Патронаттық ата-аналар балаларды қарауына ала салысымен сұм әрекеттерін бастаған. Линда Майотта тіпті асырап алған ұлынан жүкті болған. Сот үкіміне сәйкес, Джозеф Майотт 16 жылдан 20 жылға бастандығынан айырылады. 16 жылдан кейін үлгілі мінез-құлық болған жағдайда, ер адам мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Ал оның әйелі - 18 жыл жазадан кейін өтініш берсе болады. Сот барысында ерлі-зайыптылар өз кінәларын мойындамады. Еске салайық, Майотта отбасындағы балаларды қудалау туралы ақпарат сонау 2009 жылы түскен болатын. Джозеф пен Линда Майотт қамауға алынды, бірақ кейін кепілге босатылды. Олардың асырап алған балалары мемлекет қамқорлығына алынды. Оқиға 2014 жылы орын алған. Қазір арадан 10 жыл өтті. Балалардың қауіпсіздігі үшін аты-жөні құпия сақталды. Сондықтан олардың қазіргі өмірі туралы мәліметтер қолжетімсіз. Оқиғадан кейін мәжіліс депутаттары шетелдегі қазақ балаларын елге қайтару туралы ұсыныс айтқан еді. Дегенмен ол ұсыныс қолдау таппады.