Амстердам әуежайында ұшақ қозғалтқышы тартып әкеткен ер адам көз жұмды

Амстердамның «Схипхол» әуежайында KLM Cityhopper жолаушылар ұшағының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышына тартылып қалған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды KAZINFORM ВВС-ге сілтеме жасапОқиға сәрсенбі күні түстен кейін Embraer E190 ұшағы ұшуға дайындалып жатқан кезде болған. Ол Данияның Биллунн қаласына KL1341 рейсін орындауы тиіс еді.Нидерландтың NOS қоғамдық хабар таратушысы жариялаған кадрларға қарағанда оқиға терминал жанындағы перронда болған.Оқиға орнынан түсірілген суреттерде ұшақтың қасында өрт сөндіру көліктері мен төтенше жағдайлар қызметкерлері көрсетілген.«Бүгін „Схипхолда“ оқиға болды, соның салдарынан адам жұмыс істеп тұрған ұшақ қозғалтқышына тартылып қалған. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды. Қазіргі кезде біз оқиқаға куә болған жолаушылар мен қызметкерлерге қамқорлық жасап отырмыз», — делінген KLM хабарламасында.Әуежайдағы қауіпсіздікке жауапты Нидерландтың корольдік әскери полициясы жолаушылардың ұшақтан шығарылғанын, ал билік тергеуді бастағанын хабарлады.Қаза болған адамның кім екені әлі анықталған жоқ.Әлеуметтік желілерде оның жерүсті қызметінің қызметкері болуы мүмкін екені жазылған, бірақ Algemeen Dagblad (AD) басылымының дереккөздері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ер адам күтпеген жерден қозғалтқыштың қасында қалғанын хабарлады.Flightradar24 қызметінің мәліметінше, KL1341 рейсін басқа ұшақ орындаған, ол алты сағат кешігіп ұшып, Биллунға сағат 21:23–те қонған.AD мәліметінше, ұшуды резервтегі экипаж жүзеге асырған. Данияға келгеннен кейін жолаушыларға психологиялық көмек көрсетілді.«Схипхол» — әлемдегі ең үлкен әуежайлардың бірі. Биылғы сәуір айында ғана ол 5,5 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетті.Әуежайда қатаң қауіпсіздік шаралары сақталған, мұнда апаттар өте сирек кездеседі, деп атап өтті AFP.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 адам қаза тапты
TikTok бір жылға бұғатталатын болды
“Тек билет бағасы өсе береді“. Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті