Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Осыған бірнеше есеп арналады. Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты. Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 169 млрд теңге бағытталған. Орташа есеппен алғанда бір әйелге 433 мың теңгеден келеді. Бұдан бөлек, ЭКҰ-ның 7 мың ем-шарасын жүзеге асыруға 8,1 млрд теңге бөлінді.Жүктілікті жүргізу және скринингтер 2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен байланысты 12,2 млн қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер. Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 31,2 млрд теңге қарастырылды. Олардың төрттен бір бөлігі іштегі сәбидің ауруларын ерте диагностикалау үшін пренатальды скринингтік қызметтерге бағытталды. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Фертильді жастағы 35,4 мың әйелге темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттар берілді. Осыған 57 млн теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, МӘМС бойынша іштегі сәбидің туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 87 млн теңге қарастырылған. Бала туу 100,4 млрд теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі стационарларда 636 мың әйелді емдеуге жұмсалды. Олардың жартысына жуығы босану қызметтерін көрсетті. Перинаталдық кезең аурулары бар 79 мың жаңа туған нәрестеге ем қажет болды. Осыған 37,4 млрд теңгеге МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылды.