"Аналарына шағымданым жатады": Света Айтбаева жас келіндерге өз ақылын айтты

Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева отбасы құндылығы тақырыбын қозғап, бүгінгі жас келіндерге өз ақыл-кеңесін берді. Ол жанұядағы татулық пен бірлікті қалай сақтап қалу керектігін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Cвета Айтбаева "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақ болып, отбасы мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Димаштың анасы жас келіндердің басты қателігін атап, оларға өз ақылын айтты. "Біздің қатарластырымызда ренжісу, екі жаққа кетіп қалу, ажырасу, төркініне қайтып кету деген сияқты жайттар болмаған екен. Менің ойымша қазіргі жас келіндерге қажет дүние, "бас сынса, бөрік ішінде" дейді ғой. Отбасындағы ошақ басындағы әңгімені сырт жаққа тасымау керек. Ер азаматын ағайын-туысына, төркініне, қайын жұртына жамандап айтпау керек. Сол кезде ғана отбасында береке, тыныштық, керемет бірлік болады деп санаймын. Қазір жаңа түскен келіндер аналарына хабарласып, көп шағым айтып жатады. Өкінішке орай, бұл жайттар көптеп кездеседі. Осыдан қашық болу керек. Бір оттың басына келген соң, сол кішігірім отаның бірлігін сақтау үшін түк білдірмей, жаманын жасырып, жақсысын асырып бір түтінді түзу түтетіп отыру керек деп ойлаймын", - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Шымкентте судья 110 млн теңге пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды