Қазақстандық танымал актер Мейірғат Амангелдин отбасылық өмірі жайлы сөз қозғап, анасы мен келіншегінің қарым-қатынасы туралы ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Өнер иесі "Хабар" арнасындағы "Оян" бағдарламасында қонақ болып қайтып, жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты.Актердің айтуынша, отбасылық өмірде ең бастысы - ене мен келіннің татулығы."Менің анам мен жан жарымның қарым-қатынасы өте жақсы. Ол жағынан жолым болды. Анам кеше Сарыағаштан келді. Қазір екеуі үйде. Өздері желіде контент түсіреді. Қарым-қатынастары жақсы. Соған шүкір деп айтамын. Үйде анаң мен жан жарың тыныш болса болды ғой. Сол кезде бәрі тыныш. Барынша уақыт бөлуге тырысамын. Кино мен таетрдан қол босаса, бірден отбасыма көңіл бөлемін", -деді ол.Оған қоаса, Мейірғат Амангелдин бүгінде өзін әйелі емес, қызы көбірек қызғанатын болғанын жеткізді."Қызыма келгенде өте әлсізбін. Ол маған айтқанын істетеді. Қазір әйелім емес, қызым қызғанады. Менімен кім суретке түскеніне дейін қадағалап отырады. Биыл бірінші сыныпқа барды, өсті. Бұрын аса іздемейтін. Қазір болса, "қайда жүрсің?", "сенімен суретке түскен кім?" деп сұрайтын болды", - деді актер.