Анаңызға соңғы рет қашан хабарластыңыз?

Әр адамның жақыны - Ана. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта күйбең тірлік деп жағдайын сұрауды ұмытып кетеміз. Анаңызға соң рет қашан хабарластыңыз? Әріптесім Дәрібек Бахытбек тұрғындардан сұрап көрді.Дәрібек ОҢЛАСЫН, ТІЛШІ: Анаңызға қашан хабарластыңыз? Осы жазуды көргенде қатты ұялып кетемін. күніне қоңырау шалсам да аяулы алақанын, мейрімді жүзін көргім келіп тұрады. Бұл жазу көпшілікке жақсы ой тастайді. Асыл ананы еске салады. Күлетін емес жылайтын көрініс. Аналарымыз жағдай біліспестен "қаржың бар ма?" деп сұрақтың астына алады. Алыста жүрген баласын уайымдайды. Сондай қамқор жанға хабарласуды естен шығаратынымыз өкінішті. БЛИЦ: - Аналарыңызға соңғы рет қашан хабарластыңыз? - Бүгін таңертең. - Мүмкіндік болса қайтіп хабарласып айта аласыз ба қазір громкаға қойып анаңызды жақсы көретініңіз туралы. - Алло мам я тебя люблю. - Алло мам мен сені жақсы көрем. И жаным менде сені жақсы көрем. Анасын іздемейтін балалар көп. Қоғам белсенділері бұл заңдылық дейді. Себебі ананың өзі балаға мейірім көрсетпегендіктен жылуды өзгеден іздейді. Ал, жұмыс көп, уақыт жоқ деген бос сөз деп отыр. Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Әке-шешелеріміз көп жұмыс басты болып кетті күн көрістің қамы мен олар көбіне балаларға назар аудармайды. Қарынның тоқтығына жауапты адам сияқты сезінеді. Ал, оған мейірім көрсету жылылыұ көрсету деген мәселені кейінге шегеріп қояды. Әлеуметтік желіде анасын еске алып көзіне жас алаған Нұрлан Албан көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ананы барыңда қадірле, өлген соң жылаудың пайдасы жоқ. Кейін бәрі кеш дейді. Нұрлан АЛБАН, ӘНШІ: Әкең мен анаң жаныңда ма? Дәл қазір мені естісең. Дәл қазір барып хабарлас немесе дәл қазір үйіңе бар. Дәл қазір үйіңе барған кезде бетінен сүй. Ертеңгі күні тым кеш болады. Ертеңгі күні орның сипап таба алмай қаласың. Ішің уайымға шерге толған кезде көзің жас алма. Дәрібек ОҢЛАСЫН, ТІЛШІ: Ана, Сіз мен үшін әлемдегі ең ұлы тұлғасыз. Өзіңізбен бір күн сырласпасам, жүрегім сыздайды. Еркелетіп, құшақтап сүйгеніңіз, кейде ренжіп ұрысқаныңыз – бәрі де маған деген аналық ыстық махаббатыңыз екенін түсінемін. Бұрын үлкендер осылай анаға сағынысын, сырын хатқа түсіретін. Ал қазір телефон соғуға уақыт таппаймыз. Анаңызға хабарласыңызшы!

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді