Анасы өзінің жаңа туған балаларын сатқан

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 сотталғанға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.Сот үкімімен сотталушы С.А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.Р.Б., Р.Г., И.Б. және У.А. - адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны үшін ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.Сотталушы С.А. жүкті бола тұра, өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, отбасылық жұп Р.Б. және Р.Г.-мен сөз байласқан.Ақша қаражатын бергеннен кейін отбасылық жұп баланы өздерінің отбасына алған. Уақыт өте келе, С.А. қайтадан жүкті болып, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыруға қылмыстық ойы туындап, басқа екі отбасылық жұпқа баланы белгілі бір соммаға сатуға уәде берген. Алайда, олардың ақшасын алып, ізін суытқан.Нәтижесінде жәбірленушілерге 2,3 млн. теңге залал келтірілген.Осы уақытта сотталушы С.А. өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, басқа отбасылық жұп И.Б. және У.А.-мен сөз байласқан.Отбасылық жұп бала дүниеге келгенше сотталушы С.А.-ның шотына ақша аударып отырған. Бала дүниеге келген соң И.Б. және У.А. оны өз отбасыларына алған.Отбасылық жұптар Р.Б., Р.Г. және И.Б., У.А. жаңа туған балаларды ақшаға сатып алып, әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырған.Іс апелляцияда сотталғандар және адвокаттардың апелляциялық шағымдары бойынша қаралды. Олар сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұрады.Алқа апелляциялық шағымдарды зерделей келе, сот үкімін өзгеруге немесе оның күшін жоюға негіздер таппады. Осыған байланысты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оны жақсы көрмеймін, аразбын. Бірақ мойындамасақ, бетбақтық болар еді. Ақселеу Сейдімбек Мағауин туралы
Абай облысында науқастар тегін дәрілерді сатып алуға мәжбүр болған
Қазгидромет Алматы, Шымкент және тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды