Учаскелік полиция инспекторы есепте тұрған адамдарды тексеру кезінде 52 жастағы ер адам мас күйінде анасымен жанжалдасқанын анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.Құқық бұзушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін учаскелік полиция пунктіне жеткізілді.Материал сотқа жіберіліп, сот шешімі бойынша жанжал шығарушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.