"Анасын сақтап қалуымыз керек деді": Гүлнұр Оразымбетова екінші ұлын 6,5 айлық қылып өмірге әкелгенін айтты

Отандық әнші Гүлнұр Оразымбетова алғаш рет басынан өткен қиын күндер жайлы ашып айтты. "Мамский әңгіме" бағдарламасында өнер иесі екінші ұлын 6,5 айлық қылып өмірге әкелгенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Екінші баламды мерзімінен бұрын дүниеге әкелдім. Сол сәтте менің өмірім бірінші орында тұрды. Дәрігерлер "Анасын сақтап қалуымыз керек" деп айтты. Жүктілігім ауыр өтті. Ауруханадан шықпадым. Апта сайын ауруханада жататынмын. Токсикоз бар, балаға іштей судың жетіспеушілігі бар, баланың іште жатқанда дамуында мәселелер. Сол баланы қатты өмірге әкелгім келді. "Аман-сау дүниеге келсе екен" деген ойлар мазалайтын. Кішкентай нәрседен қорқып тұратынмын. Біреу жөтелсе, түшкірсе, солардан қашып жүретінмін. Бірақ, өзім жөтелем ғой. Жай уақытта ауырмайтын адам, көп ауырдым. Соның салдары деп ойлаймын, балаға әсер етті ғой. Ауруханадан шықтым да, сол түні қайта ауруханаға түстім. Мені Алматыға жедел жәрдем алып кетті. Талдықорған мен Алматының ортасында қан қысымым түспейді, алғашқы көмек жасалды. Бір апта ауруханада жатқаннан кейін, еш өзгеріс болмағасын дәрігерлер "Ота жасауымыз керек. Анасын аман алып қалуымыз" керек деген шешім шығарды", - деді Гүлнұр Оразымбетова.Сонымен қатар дәрігерлер өзін аман алып қалу үшін ота жасағанын және 6,5 айлық болып өмірге келген баласының аман қалғанын айтып берді."Анасын аман алып қалайық" деген шешіммен ота жасады. Бала 6,5 айлық, жеті айға толмаған. Бірақ бала аман-есен өмірге келді. Өмірге келгеннен кейін де өте көп уақыт ауруханада жаттық. Бүкіл ағзасы қалыптасып, өкпесі дамуы үшін біз бір жылдай аурухана болдық. Толық жетілмеген балалар жататын бөлмеге кіру үшін дәрігерлерге қолымда не бар соны беріп, балама кіретінмін. Балама зонтпен сүтін беріп, бетіне қарап әңгіме айтатынмын. Таңға дейін уайымнан ұйықтамайтынмын. Өте қиын уақыттар... Қазір ойлаған кезде көңілің босамай айту мүмкін емес. Сол кезде барлығынан бас тарттым, шығармашылықтан да, сахнадан да. Сосын ұлымның жанында төрт жыл үйде отырдым", - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Астанада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтеді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
Қазақстанда президент резиденциясының орнына стадион салынады
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Мас астаналық есігі ашық көлікті ұрлап, бағанаға соғылды
Оңтүстік Корея Парламенті президентке импичмент жариялады
Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Қарағандыда ауа райына байланысты жол жабылды
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Өскеменде қыздың үстіне жылы аялдаманың әйнегі құлап кетті
"Астана" баскетболшыларының әр ойыны рекордқа ұласып жатыр
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Еріктілер Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады
Таиландта жәрмеңкеде жарылыс болды: төрт адам қаза тапты: 14 желтоқсан 2024, 17:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz