Нұрлан имам АҚШ-тағы сапарында Чикаго қаласындағы қазақтармен кездесті. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.1999 жылы Алматы қаласында бір оқиға болған. Сол оқиғаныңң ізі бүгінгі күнге жетіп отыр»,-деп сөз бастаған Нұрлан имам. Ол шетелдіктер асырап алған, анасын іздеп жүрген Әнелге: "Я, Раббым Алла, Әнел қарындасымыздың жүрегіне тыныштық бер! Әкеге, анаға, туысқа деген махаббаты жүрегіне өзің салғансың. Әнелге туыстарын табуды нәсіп ет. Я, Раббым Алла, осы қарындасымыз өзінің дүниеге келтірген анасын тауып, соның құшағын, соның мейірімін көруді нәсіп ет. Осы қызымның келешегі бақытты болсын",-деді ол.