Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас жеңіліп көрмеген қарсыласымен жекпе жек алдында салмақ өлшеді, - деп жазды KAZINFORM.Ангелина Лукас Таиланд астанасы Бангкоктағы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу және көз арбасу рәсімінен өтті. 30 наурызда жергілікті промоушн өткізетін бокс кеші аясында Лукас жеңілмеген тай спортшысы Таньярат Джайклмен (6-0, 6КО) айқасқа шығады. Жекпе-жек әрқайсысы екі минутқа созылатын алты раундтан тұрады.Кездесу қарсаңында қос қарсылас екінші жеңіл салмақтың шегінде екеніне көз жеткізді. Лукас мұның алдындағы жекпе-жегін 29 ақпанда Таиланд астанасында өткізген. Ол кезде қазақстандық боксшы төртінші раундта тағы бір тай боксшысы Кадесара Джадпакдиді (7-4, 4КО) нокаутқа жіберген болатын.