"Манчестер Юнайтед" командасының бұрынғы капитаны Гари Невилл ағылшын футболшыларының Сауд Арабиясының клубтарына ауысуын тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұған дейін Сауд Арабиясының клубтары Криштиану Роналду, Карим Бензема, Н'Голо Канте және Хаким Зиеш сияқты белгілі футболшылармен келісімшарт жасасқан еді. Ал алдағы күндері бұл тізімге Рубен Невеш, Калиду Кулибали сияқты футбол үздіктері де қосылуы мүмкін."Премьер-лига тез арада Сауд Арабиясына трансферлерге эмбарго қою керек, бұл ойын бүтіндігін (сапасын) кепілдендіру үшін қажет", – деп береді Невиллдің сөзін BBC.