Көпшілікке “Qanay” лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл күйі болмай, уайымға салынып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Қанайларыңның көңіл күйі жоқ. Мен негізі ешкімді ренжіткім келмейді. Бәрінің көңіліне қараймын. Менің көңілімді көбі түсіне бермейді. Аңқаумын ба, білмеймін. Бірақ ешкімге жамандық тілемеймін. Арманымды орындау, ойлаған нәрсені жүзеге асыру, одан түскен пайданы үйдегілерге, айналамдағыларға беру – менің міндетім. Нені дұрыс жасамай жүргенімді әлі түсінбей келемін. Не болса да, бәріне көнемін, онсыз да быт-шыт болған жүрек, көңіліме алмаймын. Бұл сынақтар өзімнің жасап жүрген жасырын күнәлардан немесе Алла сынап жатыр”, – дейді әнші.Алайда өнер иесі не болғаны ашып айтқан жоқ.