«Аңсаған сәби» бағдарламасы 3 жылда 7 мыңнан астам сәбиге өмір сыйлады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 3 жылда 7 мыңнан астам сәбиге өмір сыйлады. Елордадағы «Экомед» орталығында бағдарламаның 3 жылдық жұмысын қорытындылаған ерекше фестиваль өтті. Жиынға «Аңсаған сәби»-мен бөпелі болған 100-ден аса ата-ана қатысып, өз қуаныштарымен бөлісті. Көкшетаулық Оспановтар отбасы ЭКО арқылы сәбилі болған. Бұған дейін бірнеше мәрте өз қаражаттарымен ем алған. Бірақ, нәтиже болмапты. Содан олар "Аңсаған сәби" бағдарламасына жүгінген. Арман ОСПАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:Басынан бастап дәрігерлер не айтады, соны істеу керек. Мұңаймау керек. Адамның көңіл-күйі, мысалға әйел адамның көңіл-күйі, ер адамның көңіл күйі сезіледі да. Іштей, жүректей сену керек, балалы боласыңдар деп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Үкіметке «Аңсаған Сәби» бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Президенттің бұл пәрмені тегін ЭКО-ға арналған квоталарды арттыруға көмектесті. Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА,  ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:Сол бағдарламаға дейін жылына мың квота берілетін болса, бүкіл Қазақстанға. Әрине кезегін күтетін әйелдердің саны да, ұзақтығы да өте көп болатын. Жылдап күтетін жағдайлар болды. Жеті, сегіз, тоғыз жылға дейін баратын. Бүгінгі күні «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында күту бүгінгі күні 12 айға дейін ғана жетіп отыр. Бұрын балалы болуды армандаған отбасы несие алып, эко-ға жүгінсе, қазір аталған бағдарлама арқылы сәби сүйеді. Ал квота іліге алмағандар "Мәриям" қайрымдылық қоры арқылы қуанышқа бөлене алады. Ләйлә СҰЛТАНҚЫЗЫ, "MАRIYAM" ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:"Аңсаған сәби" бағдарламасына кірмей жүрген, кіре алмаған отбасыларға біздің қор көмектесуде, "Мәриям" қоры. Қазір 30-ға жуық бір жылдың ішінде отбасына көмектестік. Кемі 2 млн-нан төлейміз, әр эмбрион тасымалына. Құдайға шүкір көрсеткіш өте жақсы. Алдыңғы сәбилер дүниеге келіп жатыр. Қазақстанда бала сүюді армандаған ерлі-зайыптыға көмектесіп келе жатқан Салтанат Байқошқарова ең алғаш болып зертхана ашты. Дәрігер бұрынғы мен қазіргі медицинаның мүмкіндіктерінің арасы жер мен көктей, дейді. Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА,  "ЭКОМЕД" КЛИНИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДИРЕКТОРЫ:Осы 3 жылдың ішінде 21 мың квота берілді Қазақстанда. 19 клиника атсалысты осыны орындауға. Биылғы жылы 17 клиника атсалысып жатыр. Төртінші жыл жұмыс істеп жатырмыз. Сол 21 мың квотадан 8 мыңға жуық жүктілік алынды. 7 мыңнан астамы қазір балалы болды. ЭКО арқылы ең алғашқы сәби 1996 жылдың шілдесінде дүниеге келген. Отыз жылға жуық уақыттан бері жасанды ұрықтандыру әдісімен елімізде 30 мыңнан аса нәресте өмір есігін ашқан. Осынша отбасыны қуанышқа бөлеген бағдарлама әлі талай жанұяны қуантатын болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатынан белгілі кәсіпкер отбасы мүшелерімен бірге мерт болды
Олимпиададан кейін шымкенттік балалардың дзюдоға қызығушылығы едәуір артқан 
Вьетнамдықтар қазақстандық әуекомпанияны сатып алады: процесс қай кезеңде?
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің жары оқиға жайлы айтты
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Абдулрашид Садулаев болашақта қай салмақта күресетінін мәлімеді
Жоғары сот кеңесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды