«Аңсаған сәби»: Жасанды ұрықтандырумен қанша бала дүниеге келді?

«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Қазір фертилді жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бойынша ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлінеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады. Сондай-ақ министрлік ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізіп отырады. «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастаған 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 мыңнан астам әйелге жасалды. 7 мыңнан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 әйел жүктілік кезеңінде. Биыл өңірлерге барлығы 7 000 квота бөлінді. Мәлім етілгендей, Қазақстан қосалқы репродуктивті технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуде алдыңғы қатарда. Елде гинекология, андрология, генетика, эмбриология, перинатологиядағы соңғы технологиялар қолданылып келеді. «Алайда, бедеулік – бұл көбіне алдын алуға болатын және осылайша қымбат емдеуге деген қажеттілікті төмендететін ауру болып табылады. Сондықтан министрліктің бірінші кезектегі міндеті – жасөспірімдер мен жастарға профилактика және жыныстық білім беру бағдарламасын жетілдіру. Бұл жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу және емдеу, қауіпті аборттардың алдын алу, контрацепциямен қамту және саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады», - делінген министрлік хабарламасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді
Кісі өлтіру, мал ұрлау, алаяқтық: Қазақстанда қандай қылмыстардың саны азайып жатыр
Алматының индустриалды аймағында былтыр 10 жаңа жоба жүзеге асты
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
«Дәрігер бұрын сотталған болып шықты». Мұрнын түзетпек болған қыз ажал құшты
Алматы музейлері өткен жылы 85 млн теңге табыс тапты
Полиция көлік жүргізушілерге үндеу жасады
Елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері екі есе артады