Белгілі әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат хиджаб кигенін мәлімдеді. Ол жеке парақшасына жазба жүктеп, қатты сөкпеуді өтінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Абай Бегей ортаншы қызы Сымбатты үлкен сахналарға шығарып жүрген болатын. Бүгінде жас әншінің ән қоржынында бірнеше ән бар. “Пендеміз ғой”, “әлі ақ уақыты келер”, “бұйырған күні бар шығар” , “бастысы ниетіміз бар” , “әлі жаспын”… Бұл сылтаудың шегі бар ма?! Алладан келгенбіз – Аллаға қайтамыз… Сонда кім үшін - не үшін бұл сылтаудың бәрі…? Бәлкім , сұқ көздерден, сұмпайы сөздерден қысылғаннан … Жаратылған жан екенімізді біле тұра, Жаратқанымыздың алдындағы парыз бен борыштан неге өзгені биік қоя береміз?! Мен ойландым… Ой түйдім… Бұл шешімге келуім үшін бәрін сараладым,” – деп жазды әншінің қызы. Желі қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Бірі қолдаса, екіншісі даттап жатыр. “Екінші әйел алып, барлық қызын орандырды”, “Біздің елде мынадай етіп орамал тағу – жат”, “Қазақ қыздары бөрік киген” деп ақылдарын жарыса жазып жатыр. Сымбатты Мөлдір Әуелбекова қолдап: ”Ақ жаулығың ақыреттік болсын” деп тілек білдірді.