Отандық әнші Арман Қоңырбаевтың әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде мәлімдеді. Бір апта бұрын қасиетті жұма күні. Менің тірегім, тілекшім, асқар тау, асыл әкем Қоңырбаев Қайрат Сегізбайұлы дүниеден өтті. Осы суреттерді естелік ретінде қалдырғым келіп тұр. Алла тағала өз рахымына алсын, жаныңыз жәннәтта болсын, әке! 25.01.1962 - 01.03.2024, - деп жазған ол.