Отандық әнші Ayree осыған дейінгі сұхбатында басы бос екенін айтқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында белгісіз азаматпен сурет жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Суретте әнші белгісіз жігітпен суретіне "day x", - деп жазып қойды. Сондай-ақ әнші екеуінің суретінің жанына жүрек белгісін де қойған. Еске сала кетейік, осыған дейін Ayree болашақ сүйіктісіне қоятын талабын мәлім етті."Бастысы жақсы адам болса болды деп айта алмаймын. Мен өзім 24/7 жұмыс істейтін адаммын. Сол себепті ғашығыммен ортақ әңгімеміз, ортақ қызығушылығымыз болғанын қалаймын. Маған да, үкіметке де, халыққа да пайдалы адам болса деймін. Мемлекетке қызмет еткенін қалаймын", - деген болатын Ayree.