Көпшілікке танымал әнші Бүркіт оқырмандарына ескі суретін бөлісті. Өнер иесінің бала кездегі суреті желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Кішкентай Айбек. Өзгеріс бар ма? Жанымда тұрған кісілер анам мен әкем емес", - деп жазды әнші. Бірінші суретте Бүркіт әлі кішкентай болса, екіншісінде мектеп оқушысы екенін аңғаруға болады. Желі қолданушылары әншінің әлі күнге өзгермегенін айтып, жарыса пікір қалдырды. "Өзгермегенсіз", "Жаныңыздағы әйел Аишаға қатты ұқсайды екен", "Сымбатты", "Зейін өзіңізден айнымайды екен", - деп жазды желідегілер.