Отандық әнші Қуандық Рахым көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті. Әнші қызының суретін Instagram желісінде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Өнер иесі қызын бір жасқа толған туған күнімен құттықтаған."Алғашқы туған күніңмен, құлыншағым", - деп жазды Қуандық Рахым.Айта кетейік, Қуандық Рахым 2020 жылдың күзінде отбасын құрды. Желіде шоу-бизнес жұлдызының сүйіктісін ұзатып алып, үйіне келін ретінде түсірген сәті тараған болатын.