Қазақстандық танымал әнші Құрмаш Маханов “Ұйқым келмейді” бағдарламасында мемлекет тарапынан еленіп, атақ алғанын айтып, тыңдарманын сүйіншіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.“2022 жыл мен үшін ерекші жыл болды. Біріншіден, елуге толдым, екіншіден, менің ерен еңбегім бағаланып, “Еңбек сіңірген қайраткер” атағын алдым. Одан күзде үй берілді. 20 жастағы қыз-жігіттерге айтарым, үміттеріңді үзбеңдер. Еш болмаса, мен сияқты елу жаста аларсыздар. Сондай-ақ былтыр мен бүкіл әлемдік музыкалық платформаға шықтым. Менің әндерімді іздеген жандар сол жақтан таба алады”, – дейді Құрмаш Маханов тыңдарманын қуантып.