Әнші Мейрамбек Бесбаев не себепті туған күнін тойламайтынын айтты

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Мейрамбек Бесбаев туған күн қарсаңында көкпар өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.“Көкпар десе қай қазақтың делебесі қозбайды? Мен аса шаң-топалаңды ұнатпайтын адаммын. Бірақ көп достарым: “Көкпар беретін кезің келді. Қазақтың ұлттық спортына қосқан үлесің болсын” деп мені көндірді. Қазір маған түкпір-түкпірден хабарласып, келетінін айтып жатыр. Тараз қаласында өтеді. Салып қорының да 25 миллион теңге екенін айтып қойдық. Одан да басқа сыйлықтар болады. Достарыма рахмет айтамын. Осы күнге дейін дос жинаппын. Соған өзім де шүкір деймін. Барлығы көкпарды өздері көтеретінін айтты, елмен, көпшілікпен бітейін деп жатқан шаруа”, – дейді Мейрамбек Бесбаев. Әнші көкпар өткізгелі жатқандықтан жеке меншік мерекесін ысырып қойған. “Биыл туған күнімді жасамаймын. Осы той көкпарды өткізіп, елдің батасын алсам ба деп жүрмін. Әсіресе көкпарда көп тілектері қабыл болып жатқан адамдарды білемін. Көкпар бергеннен кейін ұлды, қызды болып жатқан достарым бар. Оның үстіне Саят досым 50 жасқа толып жатыр. Екеуіміз бір күнде туылғанбыз. Содан оған да кедергі жасамай, концертіне қатысып беретінімді айттым”, – дейді әнші.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"12 миллион теңге несиесі болған". Түркістан облысында әкесі мен екі ұл газдан уланып қайтыс болды
Қысқы Универсиада: Екінші жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін сәтті өтті
Ластаев Түркі мемлекеттері омбудсмендерінің отырысына қатысты
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі