Әнші Нұржан Керменбаев гонорарсыз сұхбат бермейтінін айтты

Танымал әнші Нұржан Керменбаев Нұржан Еркінге берген сұхбатында телеарналардан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Ашық дереккөзден Нұржан Керменбаев кезінде мәдениет министрі Дәурен Абаев пен өнер адамдарының бейресми кездесуі жайлы баяндады. “Гонорарсыз шықпаймын” деген дүниені қойып қойдым. Ондай нәрселерді ашық айта беру керек деп ойлаймын. Дәурен Абаев мәдениет министрі болып тұрған кезде өнер адамдарын Алматыда жинады. Кездесу бейресми түрде өтті. Камераға түсіріп жүрген мобилографтардан видеоға түсірмеуін өтінді. Ол біздің шешілмей жүрген мәселелерімізді тыңдады. Жиында Азамат Сатыбалды, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Жеңіс апайларымыз сынды өнер иелері жүрді. Бізді Жеңіс Сейдолла ағамыз шақырды. Негізі Дәурен Абаев – өнер адамдарының проблемаларын көтеріп, бейресми түрде жиын жасаған бірінші министр. Менің: “Әншілерге негізі ақша бөліне ме? Бізге жетпейді” деген сұрағыма ол: “Қалайша? Біз әншілерге ақша бөлеміз ғой” деп таңғалды. Негізі ақша бөлінеді екен, бірақ оны продакшндер өздігінше жұмсайтын көрінеді. Мұнде ешкімді айыптағым келіп отырған жоқ”, – дейді Нұржан Керменбаев. Әнші қазір телеарналарға шақырту алғанда гонорарын да келісіп алады. “Маған кейде продюсерлер: “Осындай ақымыз бар, бере аламыз. Келісе аламыз ба?” хабарласады. Сөз жоқ, барамын, қатысамын. Келісе алмасақ, бармаймын”, – деді өнер иесі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады