Эстрада жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты. Бұл туралы өнер иесінің адвокаты Эльнура Кишкенебаева өзінің TikTok парақшасында хабарлап айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Өнер иесінің адвокаты қазір әнші үйіне барғанын жеткізді."Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Барша қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын!", - дейді адвокат.Адвокат Эльнура Кишкенебаева әншіге қолдау көрсеткен барлық оқырмандардың пікірін жинап әншінің бостандыққа шыққанын жазып, видео жүктеді.