Елордалық 47 жастағы әйел есірткі контрабандасы үшін 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 2024 жылдың ақпан айында Астана қаласының халықаралық әуежайында қызметтік-іздестіру итімен "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында есірткі затының контрабандасы күдігімен Астана-Анталия бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған 47 жастағы елорда тұрғынын анықталып, ұсталды."Жеке тінту барысында ұсталған азаматшадан жалпы салмағы 9 грамм болатын гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Құқық бұзушы есірткі затын Түркия Республикасының Анталия қаласына барғаннан кейін жеке өзі пайдалану мақсатында алғандығын айтқан", - дейді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан МалыбаевҰсталған азаматшаға қатысты көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді.