Қазнет қолданушылары Антарктиданың түбінде дамыған өркениет өкілдері тұратын қала бар ерекше теорияны талқылауда. Stopfake.kz сайты бұл конспирология екенін дәлелдеп жазды.Антарктидадағы жер астындағы жасырын қала туралы бұған дейін де айытылған. 1818 жылы америкалық Джон Симмс Жердің іші қуыс, ал планетаның астында климаты жұмсақ мен жемістер өсетін керемет қалаларға кіретін жерлер Солтүстік және Оңтүстік полюстерде орналасқан деген теорияны алға тартты. Содан кейін Симмс пен оның ізбасарлары полюстерге ьірнеше рет экспедиция жасақтаған, бірақ жер астына кіретін жерлерді таба алмады. ХХ ғасырдың басына дейін Антарктида картада ақ нүктемен ғана белгіленді. Ғалым Джеймс Эйтстің арқасында адамдар осы құрлықтың контурынан хабардар болды. Бірақ мифтер мен үзік-үзік деректерден басқа, толық және нақты ақпарат жоқ еді. Деректер Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ғана жиналды. 1947 жылы АҚШ-тан шыққан үлкен экспедиция Антарктида жағалауына келіп тоқтайды, ал 1956 жылы Кеңес Одағының ғалымдары барады. Қазіргі уақытта Антарктидада әлемнің 30 елінің 82 зерттеу базасы орналасқан. Ғалымдар онда жыл бойы тұрады және жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде Жер асты әлеміне кіретін жерлер немесе олардың бар екеніне дәлелдер табылған жоқ. Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, Яков Блюмкин Оңтүстік полюсте орналасқан жер астындағы қала туралы бұрыннан бар теорияны қайталап айтқан. Соңғы 70 жылда құрлықта зерттеулер белсенді жүргізілгеніне қарамастан, жүз жылға жуық уақыт ішінде оған кіретін жерлер мен оның астындағы қаланың бар екендігіне дәлелдер табылған жоқ. Демек, Антарктида түбіндегі дамыған өркениет туралы теория – ескі миф және конспирология.