Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын растады. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды", - делінген хабарламада. Антикор қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаменті УҰИ-да қамауға алынғанын мәлімдеді. Құзырлы орган мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.