Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеме жасады. Қазақстандықтарды сыбайлас жемқорлық пен бопсалаудың барлық фактілері бойынша ведомствоға жүгінуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.2024 жылғы 18 сәуірдегі хабарламада: "Азаматтардан су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге байланысты алаяқтықтың, теріс пайдаланудың және бопсалаудың барлық ықтимал фактілері бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың басқа да фактілері бойынша тәулік бойы Агенттіктің тегін 1424 Call-орталығының нөміріне, @antikorkz_bot чат-бот кері байланыс арналарына хабарласуларын сұраймыз." Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің байланыс нөмірлері көрсетілген.