Қымбат Досжан әлеуметтік желіде Жәнібекке қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қымбат Досжанның Instagram парақшасына сілтеме жасап.Қымбат Досжан Жәнібек туралы теріс ақпараттар тарап кеткенін айтты. Оның анасы не әкесі әлі табылмағанын ескертті. "Бармысың, бауырым?"редакциясы журналистік зерттеу жұмысын толық атқарып шықты. Құжат бермей, аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді — ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсанда таптық. Бельгиялық әйелдің Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз. Тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдардың қолында. Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже 0%. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ",- деп жазылған парақшада.