Апатты үй тұрғындарын көшіруге бюджеттен қаржы бөлінбей отыр – депутат

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов апатты және тозығы жеткен үйлер мәселесін көтеріп, Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, республика бойынша жалпы тұрғын үй қоры 54 731 көппәтерлі үйді құрайды, оның ішінде 752 үй апатты, 3024 үй тозығы жеткен деп танылған. «Атырау облысында 119 апатты үй бар, олардың бір бөлігі Индер, Махамбет, Мақат, Құрманғазы аудандарында орналасқан. Өңірдегі сайлауалды жұмысымызда осындай бірнеше үйді араладық. Бұл үйлердің ішінде ылғал, көгеру бар, қабырғалар мен төбелер жарылған, төбелерден су ағады. Мұндай пәтерлерде әдетте зейнеткерлер, аз қамтылған адамдар тұрады. Олар үшін жағдайларын жақсартудың жалғыз үміті – мемлекеттің көмегі. Астанада да осындай мәселе бар, сараптамалар мен техникалық зерттеу нәтижесі бойынша 206-ға жуық үй апатты деп танылып, бұзылуды күтіп тұр», - деді Д. Тұрғанов Мәжілістің бүгінгі отырысында. Оның айтуынша, «АМАNАТ» партиясы бұл мәселемен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. 2021 жылы өңірлерде тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы бекітілді, онда іске асыру тетігімен өлшемдері, оның ішінде жөндеуге жататын объектілердегі үй иелеріне шығындарды өтеу тәртібі мен шарттары белгіленген. 2022 жылдың соңында «Атырау қаласының тұрғын үй қорын жаңартудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленді. Бұл бағдарламаға апатты 82 үйден бөлек, қаладағы тағы 155 тозығы жеткен үй кіреді. Биылғы қаңтарда «Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі» кеңесте Мемлекет басшысы елорда әкімдігіне Үкіметпен бірлесіп, апатты үйлерді жаңарту және жаңғырту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. «Тәжірибе көрсеткендей, аталған мәселені түбегейлі шешу үшін тек қана жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат жеткіліксіз, сондықтан республикалық бюджеттен де қаржы қарастыру керек. Мысалы, Атырау облысындағы апатты үйлердің тұрғындарын көшіруге шамамен 34 миллиард теңге қажет, Астана қаласы бойынша 115 млрд теңге және үйді инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қосымша 117 млрд теңге керек. Бірақ Қаржы министрлігі бұл жобаларға республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қолдамай отыр», - деді Д. Тұрғанов. Сонымен бірге, депутат «Отбасы банкі» арқылы несиелік тұрғын үйді қаржыландыру үлгісі бойынша, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облигациялар шығаруды ұсынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қысқы Универсиадаға кімдер барады?
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты